Үшінші мегаполисте Қала күніне арналған «Шырайлы Шымқалам!» гала-концерті өтті. Салтанатты кеште қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 10 адамға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты, деп хабарлайды Elitar.kz.
«Құрметті азаматтар»:
1. Үмбеталиев Кеңес Үмбеталиұлы. 20.01.1932 жылы Түркістан облысы (бұрынғы ОҚО), Ордабасы ауданы, Ермоловка ауылында туған. «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.
2. Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы. 06.04.1953 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы кооперативінің президенті, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.
3.Романова Наталья Сергеевна. 19.07.1957 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Шымкент қаласының білім басқармасының «Оқушылар сарайы» КММ директоры.
4. Хашимжанов Икрам Акрамұлы. 22.10.1957 жылы, Түркістан облысы (бұрынғы ОҚО) дүниеге келген. Қазақстан Республикасының өзбектері этно-мәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы.
5. Сәрсенов Хайрулла Амантайұлы. 28.04.1959 жылы Шымкент қаласында туған. «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ Шымкент филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.
6.Омаров Абдурашит Керизбайұлы. 27.05.1961 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. «Ferrum – Vtor» ЖШС-нің құрылтайшысы.
7. Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы. 20.10.1961 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директоры.
8.Төлбасов Серік Қарабекұлы. 17.09.1965 жылы, Қызылорда облысында дүниеге келген. «TS Development» ЖШС құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы.
9. Молдасеитов Қайрат Құсейнұлы. 18.01.1967 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген. «Отау Групп» компаниясының президенті, Түркістан облысы мәслихатының депутаты.
10. Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы. 25.02.1989 жылы Түркістан облысы (бұрынғы ОҚО), Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақстан эстрадасының әншісі.