09 қаңтар, 13:43
Шымкентте жасөспірімдерге қатысты зорлау қылмысы тағы да тіркелді. Бұл жолы 2005 жылы туған қызды зорлады деген күдікті құрықталды және қамауға алынған ер адамның жасы 30-да, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Әзірге белгілі болғаны, күдікті бұрын сотты болмаған. Арам пиғылын Шымкентте орналасқан үйлердің бірінде асырғаны айтылып отыр.
Ал оқиға 2018 жылдың тамыз айының соңғы күндерінде орын алған. Дәлірегі, 1988 жылы туған азамат досының үйіне қонаққа келеді. Олар әңгімелесіп отырып, бірге алкогольді ішімдік ішкен. Масаң күйге түскен күдіктінің сол мезет ойы бұзылып, қылмысқа барады. Яғни, үйдегі көрші бөлмеде ұйықтап жатқан кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыз баланың мазасын алып, соңында 13 жасар жеткіншекке жыныстық сипаттағы зорлық жасаған.
"Желтоқсан айының 22-сі күні Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті Шымкент қаласының тұрғынын екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берілді", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.
Айта өтейік, күдікті бұл оқиғадан кейін бір емес, 3 ай бойы бой тасалап, қолға түсіп отыр. Енді оқиғаның ақ қарасын тергеу соты толық анықтап, жазаны тағайындайтын болады.
Автор:
Роза Бауыржанқызы