Шымкентте 2004 жылы дүниеге келген жасөспірімді өз үйінде атып кетті. Бала ауыр халде Шымкенттегі Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
2 қазан күні түнгі сағат 02.30-дар шамасында орын алған оқиға көпшілікті дүр сілкіндірді. Баланың көршілерінің айтуынша, оған оқ атқан адам жалғыз болмаған. Үш адам үйіне келген және олар жасөспірімнің туыстары болуы мүмкін. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 4-бөлігі және 99-бабының 7,14 тармақтары бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалған. Күдікке ілінген үш азамат та ұсталды.