Шымкентте қоршаған ортаны ластағаны үшін жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 18 қоғамдық автокөлік жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлікте апаттылықтың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараның өтуі қоғамдық көліктерден шығарылған зиянды заттардың мөлшерін азайтуға, қоғамдық көлік құралдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу, жолаушылар мен багажды тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасыз етіп, заңсыз жолаушы тасымалдау жайттарының жолын кесуге бағытталды. Шара барысында жалпы 785 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:
- ӘҚБтҚ-нің 334-бабы (қалдықтарында ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 18;
- ӘҚБтҚ-нің 571-бабы 2-бөлігі және 3-бөлігі (жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) – 41;
- ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 32;
- ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдында техникалық және медициналық қарап-тексеруден өтпеу) – 2;
- ӘҚБтҚ-нің 590-бабы 9-бөлігі (рейс алдында техникалық және медициналық қарап-тексеруден өтпеу) – 41;
- ӘҚБтҚ-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 78;
- ӘҚБтҚ-нің 595-бабы (басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзу) – 37;
- ӘҚБтҚ-нің 612-бабы 1-бөлігі (сақтандыру полиссіз басқару) – 10;
- Көлік құралдарын пайдалануға тиым салу (айыптұраққа қою) – 11;
-Автобустық парктердің лауазымды тұлғаларына қолданған әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілік саны – 10.