Ер кісі қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жас жігітке күш көрсетіп, оның заттарын алып қойған. Ол мұндай әрекетке сыбайластарымен алдын ала сөз байласу арқылы барыпты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Шымкенттік полицейлер аталған жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 3-бөлігінің 1,3 тармақтары бойынша іс қозғады. Күдікті оқиға орын алған күннің ертеңіне қолға түсті. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүруде.
ФОТО: tGuy.ru