Шымкентте 32 жастағы әйел үшемнің анасы атанды

27 желтоқсан, 11:36

Үшінші мегаполисте тағы да үшем дүниеге келді. 32 жастағы келіншек үшемді ота көмегімен босаныпты. Динара Нәлібаева енді алты баланың анасы атанып, мерейі тасып отыр, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, 33 аптада дүниеге келген сәбилердің салмағы - 1300-1700 грамм аралығында, бойлары – 38-40 см. Олар екі апта ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсара бастаған. Сондықтан, бүгін, 27-желтоқсан күні перзентханадан шығарылмақ. Сондай-ақ, анасы мен күйеуі Шахшанбай Мәди екі ұл, бір қызға - Омар, Осман, Зейнеп деп есім беріп үлгеріпті.

Ал статистикалық мәліметке сенсек, үшінші мегаполисте әр жылы үшем дүниеге келеді. Дәлірегі, жыл сайын 7-13 үшем туылады екен. Тіпті соңғы 10 жыл ішінде Шымкентте 167 үшем дүние есігін ашқан-ды. Ал биылдың өзінде Шымқалада бір емес, 24 378 нәресте туылып, демографиялық өсімнің артуына сеп болған.