29 наурыз, 09:30
Қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмай отырған кәсіпорындардың өкілдері қалалық еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына арызданған. Бұл туралы бүгін басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстары мен биылғы жоспарлары баяндалған брифингте мәлім болды. Жалақы қарызын өндіруде өнімді еңбек етіп жатырмыз деп сендірген инспекторлар қалада әлі де 6 бірдей кәсіпорынның жұмысшыларының маңдай ақы, табан терін өтей алмай отырғандарын жасырмады. Олардың қарызы бүгінде 26 млн. теңгеден асқан дейді Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов. Бұл істердің дені бүгінде сотқа дейін жеткен дейді жауаптылар.
Автор:
Мақпал Рысбаева