Шымкентте 800 гр болып туылған бала аман қалды

19 сәуір, 15:10

Шымкент қаласында ақ халаттылар 6 айлық болып шала туылған шарананы аман алып қалды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Дилфуза Артықбаева бірінші ақпан күні Шымкент қалалық перинаталдық орталыққа ауыр халде жеткізілген. Жағдайы ауыр болғандықтан жан сақтау бөліміне жатқызылып, бөбегін кесарь тілігі арқылы босанған. Небәрі 800 грамм салмақтағы сәби ерекше күтімге алынып, нәтижесінде екі айда 1820 грамм салмақ жиған. Нәресте өздігінен дем алатын жағдайға жеткенде аппараттан алынып, анасына берілген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, ақ халаттылардың арқасында оңалып, перзенханадан үйіне шығарылды.