Триатлоннан Азия Кубогы Шымкент қаласында алғаш рет өткелі отыр. Бұл халықаралық жарысқа әлемнің әр елінен спортшылар қатысады. Жарыс ұйымдастырушылары: Қазақстан Триатлон Федерациясы және Шымкент қаласының триатлон федерациясы. Ал "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бас демеуші болып табылады.
"Біз осындай іс-шараларды өткізу халықтың салауатты өмір салтын дамытып қана қоймай, сонымен қатар туризмді дамытуға да ықпал етеді деп санаймыз. Қазір триатлон әлемде өте танымал спорт түрі, онымен бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам шұғылданады. Қазақстанда триатлонмен танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев және т.б. спорт сүйер азаматтар айналысады. Түрлі елдерде марафондар мен жарыстар өткізіледі және Шымкентте де триатлоннан жарыс өткізу қалалық спорт үшін маңызды оқиға болып табылады. Сондықтан біз сіздерді 25 және 26 мамыр күндері Жайлаукөл паркіне көрермен ретінде жарысқа қатысуға шақырамыз",-дейді жарысты ұйымдастырушылар.
- Бірінші күні, 25 мамырда, кәсіби спортшылар арасында турнир өтеді, басталуы сағат 9-да. Жарысқа 34 ер адам мен 11 әйел атлеттер қатысады деп күтілуде. Олар Сербия, Словения, Австралия, Жапония, Гонконг, Люксембург, Сирия, АҚШ, Франция, Иордания, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан мен Қазақстаннан келеді. Марапаттау рәсімі Наурыз алаңында сағат 12.40-та өтеді.
- Екінші күні, 26 мамырда
әуесқой атлеттер арасында триатлоннан
ұлттық турнир өтеді. Басталуы сағат
9-да. Жеке есепте 77 атлет пен 2
эстафеталық команда келеді деп күтілуде. Марапаттау рәсімі
сағат 14.00-де Наурыз алаңында өтеді. Одан
кейін панда Е. әнінің орындаушысы,
танымал белоруссиялық рэпер Cygo-ның
(Цуго) қатысуымен концерт өтеді. (Турнирдің
бюджеті 30 млн теңгені құрады).
Анықтамалық ақпарат
Триатлон - мультиспорттық жарыс, оның қатысушылары үш кезеңнен: жүзуден, веложарыстан және жүгіруден тұратын, әрқайсысы дербес циклдік спорт түрінен жарысатын спорт түрі. Халықаралық деңгейде триатлон Триатлон (ITU) халықаралық одағымен реттеледі.