Шымкентте нағашы атасына 20-дан астам, анасына 16 рет пышақ сұғып өлтірді деп күдіктелген жігітке сот үкіміт шықты, деп хабарлайды Elitar.kz.
24 жастағы жігітке ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша айып тағылды. Қылмыстық істі қараған судья Әбинұр Қарабаев күдіктіге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Еске сала кетсек, жан түршігерлік қанды оқиға ағымдағы жылдың сәуір айында орын алды. Бизнеспен айналысқан жалғызбасты әйел азаматы мен оның әкесі өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Тергеу кезінде белгілі болғандай, қанды оқиғаға жас жігіттің құмар ойындарына тәуелді болуы себеп болыпты. Арадағы кикілжің кезінде жас жігіт нағашы атасының 20-дан астам жеріне пышақ сұққан. Оларды ажыратпақ болған анасын да жігіт пышақтап тастаған. Ең сорақысы, күдікті қылмысын жасыру үшін өзіне бірнеше дене жарақатын салған.
Фото: ng72.ru