Шымкентте қанша зейнеткер тұрады?

30 қыркүйек, 17:15

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 80 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 46-сы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 4131-і тыл еңбеккері.

Зейнет жасындағы шымкенттіктердің 10 мыңнан астамы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Шымкентте ардагерлерге «Қамқорлық» акциясы шеңберінде қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылып келеді. Сонымен қатар, қарттарды сауықтыру және денсаулығын бақылау мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бес мыңнан астам ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алып отыр. Ал 80 жастан асқан жалғызілікті 160 қарияның зейнет ақыларына үстеме ақы төленіп келеді.