Бүлдіршіннің денесі МЖК деп аталып кеткен шағынаудандағы қараусыз қалған нысандардың бірінен табылған деп хабарлайды Elitar.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршіннің ата-анасы мәйіт табылған жерге жақын маңда орналасқан жатақханалардың бірінде тұрған.
Тамыз айында 4 жасқа толғалы отырған бүлдіршіннің неден көз жұмғаны нақты белгісіз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Шымкент қалалық Полиция департаменті сұмдық жайтқа қатысты толық мәліметті кейінірек беруге уәде етті.
Фото: Otyrar.tv