Шымкент қаласында қоғамдық көліктен өрт шықты. "Green Bus" компаниясына тиесілі 74-ші бағыттағы автобустан өрт шыққан. Тілсіз жау тұтанған сәтте автобуста 18 жолаушы болған. Жарақат алған ешкім жоқ. Барлық жолаушылар өрт шыққанда автобустан шығып үлгірген.
"Өрт туралы Шымкент қалалық ТЖД шұғыл кезекшілік пультіне 18 наурыз сағат 15.25-те жедел хабарлама кеп түскен. Өртті ауыздықтауға 2 арнайы техника мен 7 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрт сағат 15.31-де оқшауланып, сағат 15.45-те толық сөндірілді"-деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша, өрт қоғамдық көліктің моторлы бөлігінен шығуы мүмкін. Өрттің себеп салдарын мамандар анықтап жатыр.