Шымкентте азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген ер кісі сотталды

05 наурыз, 11:56

Шымкентте азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген 30-дағы жігіт 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында осындай үкім оқылды. Сотталушы қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Оқиға Шымкент қаласы Қайнарбұлақ елдімекенінде былтыр жазда орын алған. Спиртті ішімдік ішіп масайған ер адамға тағы сыра қажет боп әйелін жұмсамақшы болған. Жұбайының айтқанына барғысы келмеген әйелі күйеуімен ұрыса бастайды. Жанжал кезінде ер адам әйелін ұрып соққан. Сондай жұдырықтардан жарақаттанған әйел оқиға орнында жантәсілім еткен. Қанды оқиға кезінде әпкесінің үйіне қонаққа келген кішкентай бүлдіршін қыз үйде болған. Сондай ақ, азаматтық некедегі екеудің ортақ жасы бірге де толмаған егіз сәбиі болған. Қорғаншылық органдарының шешімімен сәбилер Шымкенттегі бөбектер үйіне жіберілген.
Айта кету керек, сот үкімі заңды күшіне енген.