​Шымкентте 5 жасар баласын ұрып өлтірді деген күдікпен өгей әке ұсталды

10 желтоқсан, 21:38

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында кешкі уақытта Шымкент қаласы Полиция депаратаментінің кезекші бөліміне №1 облыстық клиникалық ауруханасынан жан сақтау бөлімінде 5 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сүйенсек, баланың өлімі алған дене жарақатымен болған.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан» 106-баптың 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері баланы өлтіруге қатысы бар күдікті ретінде өгей әкені ұстап, уақытша ұстау абақтысына жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде 22 жастағы ер азаматтың баласына "Құптан" намазы алдындағы азанды дұрыс оқымадың деп аяусыз соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Ауыр жарақаттан бүлдіршін ауруханада көз жұмды.

ФОТО: www.pravmir.ru