Шымкентте бір күнде 1000 тұрғын дәрігер көмегіне жүгінді

08 сәуір, 11:48

«Арбат» отбасылық демалыс аймағында "Денсаулық күніне" арналған акция өтті. Оған 1000-ға жуық азамат қатысты. Жылжылмалы емхана халыққа медициналық көмек көрсетті.

Атап айтқанда, қала тұрғындары жолдамасыз-ақ невропатолог, кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, нарколог, аллерголог, офтальмолог, фтизиатр, стоматолог, онколог, травматолог-ортопед дәрігерлерінің қабылдауынан өтті. Сондай-ақ, 150 азамат тегін экспресс-анализдер тапсырды.

Салауатты өмір салтын насиxаттауға бағытталған шарада дене белсенділігін насихаттау мақсатында бірмезеттік жаттығу, викторина ойындары, спорттық көріністер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Балалар да қылқаламмен сурет салып, акцияға белсене қатысты.

Шара соңында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы «Денсаулық күніне» орай өткен акцияда белсенділік танытқан қатысушыларды марапаттады. Шара атаулы күнге орай жыл сайын өткізіліп тұрады.