2019 жылғы 12 сәуірде сағат 11:00-13:00 аралығында Шымкент қаласындағы «Қырғы» базары аумағында дәрігерлер қала тұрғындарын қабылдайды. Бұл күні қала тұрғындары жолдамасыз-ақ дәрігерге (кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мамандары) қаралып, тегін экспресс-анализдер тапсырып, кеңес алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, 2019 жылғы 16 сәуірде сағат 11:00-13:00 аралығында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта дәрігерлер қала тұрғындарын қабылдайды. Бұл күні де жолдамасыз-ақ дәрігерге ( кардиолог, эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мамандары) қаралып, тегін экспресс-анализдер тапсырып, кеңес алуға мүмкіндік бар.