Шымкентте әке-шешесінің банк карточкасынан ақша жымқырған 39 жастағы азамат ұсталды

20 қаңтар, 19:05

39 жастағы азамат өзінің әкесі мен анасының банк карточкаларын алып, олардың есеп шоттарынан шамамен 180 000 теңгені жымқырған.

Егде жастағы тұрғындар ақшаларының ұрланғанын банкоматтан қаражат шешеміз деп келген кезінде бір-ақ байқаған. Содан полицияға шағым түсірген.

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт Әл-Фараби АПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері карточкалардың шотынан ақша жоғалуына 39 жасар азаматтың тікелей қатысы бар екенін және ол ақшаның бір бөлігін өз қажеттілігіне жұмсағанын анықтап, полицияға жеткізді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.