Валюта:
  • USD / KZT - 511.92
  • EUR / KZT - 588.91
  • RUB / KZT - 6.44

    Шымкентте коронавирус жұқтырған 11 науқастың тоғызы ер азамат

    21 сәуір, 14:46

    Шымкентте "COVID-19" инфекциясы анықталған 11 тұрғынның екеуі - әйел азаматы, қалғаны - ер кісілер.

    Төтенше жағдай жөніндегі қалалық жедел штабтың мәліметінше, қауіпті індет анықталған науқастардың 10-ы бұған дейін коронавирус диагнозы расталған 1966 жылғы тұрғынмен қарым-қатынаста болған. Олар: 1983 жылы дүниеге келген, 1987 жылғы, 1990 жылғы, 1988 жылғы, 1973 жылғы, 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылғы азаматтар. Оның сегізі - ер кісі, екеуі - әйел. Ал бір азамат - 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдем қызметімен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

    Айта кетейік, күні бүгінге дейін Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 103 адам тіркелді.