Валюта:
    • ясно 33°C

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан 40-шы науқас туралы не білеміз?

    15 сәуір, 11:54

    Шымкентте COVID-19 диагнозы анықталғандар саны 40 адамға жетті.

    Төтенше жағдай жөніндегі қалалық жедел штаб мәліметінше, вирусты инфекция жұқтырған азаматша Шымкент қаласының 1997 жылы дүниеге келген тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық сынама алынып, диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

    Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
    Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.