Қауіпті індетке Шымкент қаласының 1970 жылы дүниеге келген тұрғыны шалдыққан.
"Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді" деген ақпарат жария етілді coronavirus2020.kz сайтында.
Айта кетейік, бүгін 25 наурызда диагнозы расталған азаматша кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализдері алынып, 25-наурыз күні оң нәтижесін берген.