Шымкентте кәсіпкерді үйінің алдында өлтіріп кеткен азамат ұсталды

09 қыркүйек, 10:15

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Полицейлер 7 қыркүйек күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың 19 шілдесінде кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындады. Бүгінгі таңда ол қамау абақтысында. Тергеу амалдары жалғасуда" делінген ведомство хабарламасында.