Шымкентте медбике зорлаған дәрігерге қатысты сот отырысы өтті

04 қазан, 19:11

Шымкенттегі емханалардың бірінде мейдбикені зорлады деген күдікті дәрігерге қатысты сот ісі басталды. Сот Әл-Фараби аудандық сотында жабық режимде өтті.

Еске салсақ, биыл сәуір айында полицияға облыстық медициналық мекемелердің бірінде мейірбике болып жұмыс істейтін азаматша өзін нефролог дәрігер зорлағанын айтып арызданған болатын. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен және 121-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ұсталған.

Ал зорланған медбике бүгінгі таңда өзіне жұмыстағы басшылық тарапынан қысым көрсетіліп отыр дейді.

Бұл іске "Не молчи" қоғамдық қоры да араласқан болатын. Қор президенті Дина Смаилова күні кеше Елжан Біртановқа емхананың бас дәрігерін жұмыстан шығаруын талап етіп ашық хат жазған еді. Денсаулық сақтау министрі бұл істі өз бақылауына алғандығын мәлімдеді.