Шымкентте мектеп оқушылары төбелесіп, бір бала пышақ жарақатын алды

18 қараша, 14:11

Шымкентте мектеп оқушылары төбелесіп қалды. Салдарынан бір бала пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оқиға өткен жұма күні мектеп аумағынан тыс жерде сабақтан соң орын алған. №34 мектептің 11 сынып оқушылары арасында кикілжің туып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан 2002 жылы туған жасөспірім №1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушы іш тұсынан пышақ жарақатын алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алуға жіберілген. Қазіргі таңда оқушының өміріне келер қауіп жоқ.

Фото: көрнекі