Шымкентте жауған нөсер жауынның салдарынан көшелерді су алып кетті. Кәріз люктері қоқысқа бітелген. Осылайша коммуналдық қызметтің жұмысына жұмыс қосылып отыр.
Жауын салдарынан ғимараттардың шатырынан су өтіп, адамдар әбігерге түсті. Бұл туралы видеолар желіге қаптап кетті.
Тұрмыстық техника сататын ірі дүкенде де осы жағдай. Дүкен қызметшілері орындарын қауіпсіз жерлерге ауыстырып, техниканы құтқаруға тырысқанымен, видеода біршама тұрмыстық техникаға су тигені байқалады.
""Нұрсәт" шағынауданындағы №47 үйдің 9 қабатынан аққан су 4-қабатқа бірақ жеткен. Бөлмелердің барлығы да төбеден тамшылаған суға толған. Тұрғындар ашу-ызасын кімге төгерін білмей дал",-деп жазады жергілікті сайттардың бірі.