Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова пандемия кезінде бірқатар өңірлерде жоғары бағамен өкпені жасанды желдету аппараттарын сату ісі бойынша фактілерді атады. "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Ресейде шығарылған "Авента-М" (12) өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын 21 миллион теңгеден астам бағаға сатып алған. Дәл сол кезеңде демеушілік көмек ретінде Шымкент инфекциялық ауруханасы осы аппараттың бір данасын 3 миллион теңгеге арзанға алды. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының сатып алу көлемін ескере отырып, медициналық жабдықтар құнының артуы мемлекетке 40 миллион теңгеден астам шығын әкелді", - деді ол онлайн-брифинг кезінде.