Шымкентте ретро-автомобильдер мұражайы ашылады

19 маусым, 18:00

Шымкентте қала күніне орай ретро автокөліктер мұражайы ашылады. Қала тұрғындары автокөліктер тарихымен танысып, машиналардың раритетті маркаларын көруге тамаша мүмкіндік алады.

"Retro Garage" мұражаына қойылған әр көлік үшін көп тер төгілді. Шеберлер тіпті иелеріне қажетсіз болып қалған автокөліктерге де екінші өмірді сыйлай алды. Музейге қойылған Ретро-сұлулар киноға, роликтерге, клиптерге түсіріледі. Кеңес автопромының мақтаныштарын тамашалауға келушілер үшін мұражай есігі айқара ашық.

19 маусым күні сағат 19-00. КІРУ ТЕГІН
Мекен-жайы: Қазақстан, Шымкент қ., Төреқұлов көшесі 2/1 («Atlas» мейрамханасының маңы.)

Ашылу салтанатынан соң "Atlas” мейрамханасының концерт залында қазақстандық дизайнер Айнұр Тұрысбектің ЫQPAL fashion-балеті болады.

Көрсетілімнен соң опера жұлдызы Зарина Алтынбаева және тағы да басқа эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.