Шымкентте сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

07 маусым, 15:00

​Шымкентте сайлау күні, 9 маусымда автобустар мен маршруттар күн бойы тегін қызмет көрсетеді. Қала тарихында бұл алғаш рет.

Көлік компанияларының бастамасы туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.

Орташа алғанда, жұмыс күндері жолаушыларға 1100 автокөлік құралдары — үлкен, орташа сыйымдылықтағы автобустар, сондай-ақ маршруттар қызмет көрсетеді.

Демалыс күндері 900 автобус жолға шығады.

Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді.