Шымкентте бір ұжымда жұмыс жасайтын жігіттер белгісіз шөп дәріні сатып алып ішкен. Арада ұзақ уақыт өтпей үшеуінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақыртыпты. Өкінішке орай, шөп дәріні ішкен бір азамат ауруханаға жетпей жан тәсілім етсе, екі жігітті дәрігерлер ажалдан арашалап қалған, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
"Үш азаматтың белгісіз заттан уланғаны анықталды. Бірі қайтыс болған, ал екі азамат қалалық токсикологиялық ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде"-деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.