Ертеңнен бастап Шымкент қаласының судьялары ақылы таксимен жүреді, деп хабарлайды Elitar.kz Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мұндай шара автомобиль шығындарын 2 есе үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
"Енді
қызметтік автомобильдерді сатып алу
және жаңарту қажеттілігі болмайды,
қызмет көрсету мен жөндеу үшін ақы
төлеудің қажеті жоқ, отын сатып алудың
қажеті жоқ, сондай - ақ жүргізушілерді
штатта ұстаудың қажеті жоқ", - делінген
хабарламада.
Баспасөз хабарламасында
Шымкент судьялары үшін
таксиге жол жүру шығындары, қай
таксопарк қызметін пайдаланатыны
нақтыланбаған.