Филология факультетінің 1-курс студенті бүгін күндіз оқу ғимаратының бесінші қабатынан өзін өзі тастап жіберген, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Оқу ордасы студенттерінің айтуынша, қайтыс болған студент қыз бала Өзбекстан Республикасының азаматы көрінеді. Бірақ бұл туралы оқу ордасы ешқандай ресми мәлімет берген жоқ. Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова студент азаматшаның бесінші қабаттан құлап қайтыс болғанын растады.
"ҚР ҚК нің 105 бабы "Өзін өзі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іске қатысты басқа мәлімет жариялануға жатпайды "-деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.