Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің дерегі бойынша, Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтыру дерегімен тіркелді.
25 наурыз сағат 16:40-тағы жағдай бойынша Қазақстанда тағы бір адам коронавирусқа шалдықты. Ол Шымкент қаласында тіркелді. Қазіргі таңда Қазақстанда қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Олар:
Нұр-Сұлтан – 41 жағдай,
Алматы қаласы – 31 жағдай,
Қарағанды - 2 жағдай,
Алматы облысы - жағдай,
Ақтөбе облысы - 1 жағдай,
Шымкент - 2 жағдай,
Жамбылы облысы - 1 жағдай,
Солтүстік Қазақстан облысы - 1 жағдай.