Шымкентте тағы бір полицей 75 мың теңге парадан бас тартты

15 наурыз, 17:45

13 наурыз күні Қаратау аудандық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Азамат Әлімбековке жергілікті тұрғын 75 мың теңге сыйақы бермекші болған. Пара беруші Шымкент қаласының тұрғыны жазасын өтеу тәртібін бұзғаны үшін материалды сотқа жібермей, оң шешім қабылдау туралы өтініш айтып, қызметіне теңге тарту етпек болған. Бірақ тәртіп сақшысы сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, заңсыз сыйақы алудан бас тартқан. Пара беру фактісі бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 367-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру жайтына қатысты – пара берушінің мүлкі тәркіленіп немесе бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген"-деп мәлімдейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.