Шымкентте түнгі клуб маңында атысқандар ұсталды

05 сәуір, 10:48

Шымкентте 22 наурызға қараған түні Тәуке хан даңғылында орналасқан түнгі клубтардың маңында атысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мәліметке сай, түнгі клубқа келгендер өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Онда травмат қаруы болған. Атыс кезінде екі адам зардап шекті. Құқық қорғау органдары атыс шығарғандарды оқиға орнында ұстады. Сондай-ақ, тексеріс барысында көліктің жүксалғышынан тағы бір қару табылған.

Сол күні оқиға орнында болған телеарна журналисті 26-наурыз күні Шымкент ПД баспасөз қызметінен аталған жайтқа байланысты түсінік беруін сұраған. «Әлі күнге дейін жауап келген жоқ, 3-сәуір күні тағы да сұраныс хат жолдадық» дейді «Отырар» телеарнасының журналисті Шакир Омаров.