Шымкентте түрме басшылары сотталғандарға негізсіз жаза қолданып келген

30 қыркүйек, 13:40

Прокуратура жүргізген талдаудың нәтжесі Шымкент қаласындағы түзету мекемелерінің әкімшілігі 7 сотталғанға заңсыз жаза қолданғанын анықтады.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, талдау барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – 2 сотталғанға, ИЧ-167/4 мекемесінде - 1 сотталғанға, ИЧ-167/10 мекемесінде - 1 сотталғанға, ИЧ-167/11 мекемесінде – 3 сотталғанға қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылдануына байланысты прокурорлық қадағалау актілері негізінде күштерін жойған. Сонымен қатар ИЧ-167/2 мекемесінің әкімшілігі 2 сотталған азаматқа негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялаған.

Қала прокуратурасының прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мекеме әкімшілігінің аталған шешімдерінің де күштері жойылып, заңдылықты бұзушылықты жою туралы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ұсыну енгізілген.