Шымкент қаласы, Қаратау ауданында қосалқы үйден өрт шығып, мүгедек ер адам көз жұмды. Оқиға Қызылсай елдімекені, Бекмаханов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында орын алған. Көлемі 12 шаршы метрді құрайтын уақытша тұрғын үйдің ішінде төсек-орын жабдығы жанған, жанудың жалпы көлемі 3 шашршы метрді құраған. Оқиға орнында 1956 жылы дүниеге келген мүгедек ер адамның өлі денесі табылды. Өрттің шығу себебі болжам бойынша - абайсыз темекі шегу. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 15 адам жеке құрамы және 4 техникасы, жедел-тергеу кезекші тобының 3 қызметкері жұмылдырылған.