Шымкентте ең көп қойылатын есімдер белгілі болды

28 қаңтар, 10:30

​Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандарының мәліметі бойынша 2018 жылы дүние есігін ашқан сәбилерге жиі қойылған есімдер – Айсұлтан мен Медина екен. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Өткен жылы АХАТ бөлімінде 32464 бала тіркелген. Оның 60% ер балдар болса, 40% қыз балдарды құрайды. Дүниеге келген ұл балдарға Айсұлтан, Нұрсұлтан, Дінмұхаммед, Әлихан, қыз балдарға Медина, Раяна, Кәусар, Айзере, Айсұлу есімдері жиі қойылған екен.

Айта кетейік, Шымкент қаласының миллионыншы тұрғыны Айсұлу Еламанова өткен жылдың 17 мамырында дүниеге келді.