Шымкентте балықтардың қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

19 сәуір, 09:30

Қошқар Ата өзеніне канализациялық ағындарды ағызу нүктесінен 20-ға жуық өлі балық табылды. Аталған жайтқа байланысты Шымкент қалалық су арнасы күдікке алынды.

"Қошқар Ата өзеніне канализациялық ағындарды ағызу фактісі бойынша "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қатысты Экологиялық кодекс талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды",-деп хабарлайды Қазақстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігінің ақпаратына қарағанда, балықтардың қырылуының себептерін тексеру барысында судың химиялық құрамын зерттеу үшін Қошқар ата өзенінің тоғыз учаскесінен сынама алынды.

Зерттеу оларда уытты заттардың, сондай-ақ паразиттік және жұқпалы аурулардың іздерін анықтаған жоқ.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 328-бабы 2-бөлімі "Судың ластануы, немесе сарқылуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент қалалық экология департаментінің бастамасы бойынша балық қырылуының себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды.

Күдікке ілінген мекеме «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС.

Қалалық су арнасы балық өліміне қатысы бар деген күдікпен келіспейді

"Шынында да, ПМК-49 ауданында (көшеде) коллектордың соғылғаны туралы хабар су арнасына келіп түскен. Бірақ бұл 12 сәуірде болды. Сол күні мәселе жойылды. Айта кету керек, су каналының кінәсінен емес, кәрізге қоқыс тастайтын пайдаланушылардың салдарынан осындай жайт орын алған. Осыған байланысты кәріз жүйесі істен шығады",-деп атап өтті "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің баспасөз қызметі.