Шымкентте жаңа мектеп ашылады

03 сәуір, 16:28

Үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегінде «Мирас» шағын ауданында 1180 орындық жаңа мектеп ашылады.

«Мирас» шағынауданындағы Жібек Жолы көшесінде бұрын саманнан жасалған ескі мектеп болған. Ол бұзылып, орны сүріліп тасталды. Осында тұратын балалар үшін мөлтекауданда жаңа мектеп салынған, бірақ ол бұрынғы мектептің орнынан қашық жерде бой көтерді. Сондықтан «Мирас» тұрғындары үшін ол мектепке қатынау алыстау болды. Енді жағдай өзгермек - 1 қыркүйекте балалар өздеріне ыңғайлы жерде орналасқан жаңа мектепке баратын болады. Сайрамда бірнеше балабақша мен мектеп салған белгілі кәсіпкер Низамхан Сулайманов құрылыс жұмыстарын бастады. Жаңа мектептің жер учаскесін «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бөлген. Мектеп оқуға қажетті барлық құралдармен жабдықталады: онда класстар мен 400 орынға арналған асханадан басқа, жаттығу залы, гимнастика залы, шахмат кабинеті, 3 компьютерлік сынып, лингафон кабинеті және медициналық орталық болады.