​Шымкентте жастар форумы өтеді

07 желтоқсан, 18:34

11 желтоқсан күні «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үй кешенінде Шымкенттің белсенді жастарының форумы өтеді. Қалалық балалар, отбасы және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отырған шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысады деп күтілуде.

Форумның мақсаты қаладағы бизнес-қауымдастықтар мен жастардың арасында кәсіби және іскерлік байланысын дамыту, жаңа буынның өзекті мәселелерін анықтайтын және оны шешу жолын қарастыратын коммуникациялық алаң құру болып табылады. Атап өтерлігі, форумға Қуаныш Шонбай, Ақерке Абылайхан, Бауыржан Қасымбергебаев, Асқар Абубакиров, Ибрагим Ескендір, Серік Есматов, Арман Оспанов, Өркен Кенжебек сынды елімізге танымал спикерлер қатысып, өз тәжірбиелерімен бөліседі. Айта кетейік, аталған шараға 14-29 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады. Қатысу тіркеу арқылы. Ол туралы мәліметті басқарманың INSTAGRAM парақшасынан көруге болады.