1 сәуір күні кешкі сағат 17.30 шамасында екі ұл бала балабақшадан рұқсатсыз шығып кеткен. Жоғалған бүлдіршіндердің бірінің анасының айтуынша оған сағат кешкі бес жарымда хабар берілген.
"Өзіміз іздеп таппаған соң бірден полицияға хабарластық. Кешкі сегіз жарымдарда полицейлер балапандарды тапқандықтарын айтып хабарласты. Үш сағаттың ішінде зәреміз қалған жоқ. Барынша қауіпсіз, сенімді деп "частный садикке" бергенбіз. Қарау керек қой балаға. Жауапкершілік жоқ па сонда?!"-дейді баласы жоғалып табылған Қарлығаш.
Бұл оқиға туралы
Шымкент қалалық полиция департаментінің
баспасөз қызметі былай деп хабарлайды:"
2019 жылғы 1 сәуір күні сағат 17-30 шамасында
бала-бақшадан екі бала шығып кетіп,
үйіне оралмаған. Ата-анасы өздері іздеп
таппаған соң, Шымкент қаласы Полиция
департаменті Еңбекші аудандық полиция
басқармасының кезекші бөліміне
хабарлаған. Екі баланы табу үшін барлық
жеке құрам жұмылдырылып, екі сағаттың
ішінде балаларды іздеп тауып, ата-анасына
табыстады."
Перзенттерінен көз
жазып қала жаздаған қос ана әзірге
балабақшаға қатысты ешқандай нақты
мәлімдеме жасаған жоқ. "Жұмыста қамсыз
жүреміз деп частный балабақшаға-ақ
бергенбіз. Енді қандай бақшаға сенеміз?
Білмей қалдық қой. Қайта полицияға
рақмет. Екі сағаттың ішінде барлығы
бірлесіп жұмыс істеп, тауып берді.
Алғысымыз шексіз"-дейді жоғалып
табылған Аманның анасы Қарлығаш.