Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация тобының мәліметінше, бүгін, 26 наурыз сағат 10.48 минутта Шымкентте жер сілкінісі орын алды. Зілзала тербелісі - 2-3 балл.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-батысында 617 шақырым жерде Өзбекстан аумағында болған. Магнитудасы - MPV 4.8, тереңдігі - 5 км. Дүмпудің энергетикалық санаты - 11.5.