Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде» салтанатты іс-шарасы өтті. Шара аясында қан майданда отанды қорғаған жауынгерлердің есімдері мен ерліктерін жаңғыртатын «Батырларға тағзым» шеруі өтті.
Мерекелік шеруге Отан үшін от кешкен майдангерлердің мыңға жуық ұрпағы қатысты.
Шара Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.
Шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша тұрғындарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Мұнан соң, Ұлы Отан соғысы
және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери
өмірден театрландырылған көріністер
қойылып, ардагерлер дала ботқасынан дәм татты.
Сұрапыл соғыс жылдары Шымкент қаласында майданға 23 мыңнан астам азамат аттанып, соның 11 мыңнан астамы елге оралмаған. Қазіргі таңда қалада Ұлы Отан соғысының 54 ардагері және 4276 оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлері тұрады.