​Шымкентте жылбасынан бері 28 өрт оқиғасы орын алған

19 ақпан, 14:15

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,7 %-ға көбейген дейді төтеншеліктер, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер оқыс оқиғалардың көбіне жеке тұрғын үй секторларында тіркелгенін айтады. Мәселен, бүгінгі күнге дейін тіркелген 28 өрт оқиғасының 21-і қала аумағындағы баспаналарда орын алған. Жыл басынан орын алған оқиғалар кезінде 3 адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанған. Төтеншеліктер жайсыз жағдайлардың көбіне жылыту маусымында пеш құралдарын пайдалану барысында тиісті талаптардың сақталмауынан орын алғанын айтады. Тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі абайсыздықтар да тілсіз жаудың шарпуына себеп болып жатады екен. Балалардың жанғыш заттарды пайдаланып, отпен ойнауының соңы да қайғылы жағдайларға әкеп соғуда дейді төтеншеліктер.

Автор: Мақпал Рысбаева