«7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні» Ұлттық бағдарламасы аясында «Сау болу-сәнді!» ұранымен өтетін ашық есік күні өтеді. Шара аясында қаладағы барлық емханаларда 5-сәуір күні дәрігерлер қала тұрғындарын кезексіз әрі жолдамасыз қабылдайды.
Атап айтқанда, бұл күні емханаларда дәрігерлер жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, неврапотолог, кардиолог, эндокринолог,гинеколог т.б. мамандар қала тұрғындарын жолдамасыз қабылдайды.
Сондай-ақ 2019 жылдың 6
сәуірде, сағат 10:00-13:00 аралығында, Шымкент
қаласындағы «Арбат» отбасылық демалыс
аймағында «Денсаулық» күніне орай
ауқымды акция өтпек.
Бұл күні жылжылмалы
емхана демалыс орнында халыыққа
медициналыық көмек көрсетеді. Акция
барысында жоспарланған денсаулық
қалашығында қала тұрғындары жолдамасыз-ақ
дәрігерлерге невропатолог, кардиолог,
эндокринолог, жалпы тәжірибелік дәрігер,
педиатр, нарколог, аллерголог, офтальмолог,
фтизиатр, стоматолог, онколог,
травматолог-ортопед дәрігерлерінің
қабылдауынан өтуге болады. Сондай-ақ
тегін экспресс-анализдер тапсырып
кеңес алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар дене белсенділігін
насихаттау мақсатында бірмезеттік
жаттығу, викторина ойындары, спорттық
көріністер, концерттік бағдарламалар
ұйымдастырылады.
Фото: Еlana.kz