Шымкенттегі коронавирус: Үшінші науқастың 51 жаста екені анықталды

01 сәуір, 11:47

Шымкент тағы бір адам коронавирус жұқтырған. Ол 51 жастағы қала тұрғыны.

Төтенше жағдай жөніндегі қалалық жедел штабтың мәліметінше, науқас қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аураханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Жағдайы бір қалыпты.
Дертті жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша мәлімет алдағы уақытта хабарланатын болады.