Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, «Оңай» ЖШС-мен бірге жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Elitar.kz.
"«SHYMKENT» ӘКК» АҚ биыл 1000 автобус сатып алуды жоспарлауда. Жоба бойынша 300 автобус маусым-шілде айларында, қалған 700 автобус жылдың соңына дейін сатып алынады. Электронды төлем жүйесін ендіру бойынша корпорация әлеуетті инвестор «Оңай» ЖШС-мен бірге жұмыстар істелуде. Электронды төлем жүйесін 2019 жылы бастап, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ендіру жоспарланып отыр", - деді басқарма басшысы.
Жоба "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылмақ.