Шымкенттегі Қошқар ата өзенінде өлі балықтар су бетінде қалқып жүр

09 сәуір, 11:54

Шағынаудан тұрғындары Қошкарата өзенінде өлі балықтар су бетінде қалқып жүргенін байқаған.

Олардың айтуынша, өзен суының тазалығы сондай, бұрын мұнда шомылып, бұлақ бастауынан су да ішкен, бақшаларын суғарған. Олар суға химиялық қалдық төгіліп, ластанған деген пікірде. Балықтар содан қырылуы мүмкін.

Қошқар ата өзенінде торта, сирек кездесетін тұқы, көкбасы және бақтақ сияқты балықтардың бірнеше түрі кездеседі. Дәл қазіргі уақытта балықтардың уылдырық шашу кезеңі. Аталған балықтар таза суда ғана тіршілік етеді.

Балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтау үшін балықтар мен судың үлгісі зертханалық тексеруге жіберілді.