06 сәуір, 17:17
Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері арасында шымкенттік ақ халаттылар жоқ. Бұл ақпаратты қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хпбарлайды Elitar.kz.
Еске салайық, мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67-сі коронавирус індетін жұқтырды деген күдікке ілінгенжер немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер.