14 қаңтар, 11:13
Дубай қаласында «Аrt Kelen» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық «Dubai East Vision» фестиваль байқауы өтті. Байқауға әлемнің 34 қаласынан қатысушылар келген, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Марат Калымбаев, Пол Куникем, Докку Мальцагов сынды халықаралық деңгейдегі қазылар өнерпаздар өнерін сарапқа салды.
Байқауға қатысушылардың қатарында Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларынан құралған «Жұлдыздар» триосы да бар. Трио «Астана» әнін орындап, жүлделі 1-орынға ие болды.
Топтың музыкалық жетекшісі Гулнара Ернишева бұл байқауда қазылар алқасының бағалау әдісінің ұнағандығы туралы айтып өтті.
"Вокал бөлімі біткеннен кейін ұйымдастырушылар бүкіл вокал ұстаздарына дөңгелек үстел жасап, сайыс барысын бірге отырып талқылады, жетістіктері мен жіберген кемшіліктерін айтып, оны қалай түзеу керектігін түсіндіріп отырды. Балаларды жинап, шеберлік сыныптар өткізіп, әр баланың дауыс мүмкіншіліктерін тексерді."
"Жұлдыздар" триосы туралы қазылар алқасының пікірі де оң болған. Олар топтың әнді өз дәрежеде орындап шыққандығы туралы жақсы пікір білдіріп, 1-орын иеленген жерлестеріміздің бұдан да биік саxналарда өнер көрсетулеріне үлкен сенім білдірген.
Автор:
Нұрзина Төреханова